ЖАНКЕШТІНІ «ҚҰШАҚТАП» ОНДАҒАН АДАМНЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ (ФОТО)

Ирак елінің тұрғыны Наджих Шакир әл-Балдави басқалардың өмірін құтқарамын деп өзі құрбан болды деп хабарлайды  Daily Star.

Ақпарат көзінің хабарлауынша жас жігіт террористің беліндегі белдікті көріп, құшақтап алған. Оқиға Ирактың Балад қаласындағы Саид Мұхаммед мешітінде орын алды. Батыр жігіттің арқасында қаныпезер қасиетті үйге кіріп үлгермеді. Егер теріс пиғылын жүзеге асырғанда одан да көп адам өліміне әкеліп соғар еді.

Еске сала кету керек, мешітке жасалған теракт салдарынан 40 адам қайтыс болды. Тағы 74 адам жарақат алды. 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін