ҰРЫНЫ ҰЯЛТҚАН САТУШЫ (ВИДЕО)

Жаңа Зеландияның Кристчерч қаласының мейрамханаларының бірін тонағысы келген қарақшы бос қайтты. Келушілерге қызмет көрсетіп тұрған Саид Ахмедтің мейрамхансына бетін тұмшалап алған, қолында тапаншасы бар ұры кіріп келіп қожайынды қорқытқысы келген. Алайда Сайд ұры ойлағандай шу шығарып, үрейленбеді де. Ол байыпты қалыппен күтіп тұрған сатып алушының тапсырысын беріп, ұрыға бір жымиып бұрылып кете барды. Мұндайды күтпеген қарақшы сасқанынан бос сөмкесін алып мейрамханадан шығып кетті.

Египеттен көшіп келгеніне 20 жыл болған қожайын мұндайды бірінші рет көріп тұрмын дейді. «Мен қорқып кеттім, бірақ оны ұрығы көрсетпедім. Өзім табиғатымнан сабырлы адаммын, ол да көмектесті. Жаңа Зеландияға Египеттен 20 жыл бұрын келгенмін. Ол жақта мұндайды күнде көресің, бұл жерде қайта тыныш», – дейді ол.    

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін