МҰСЫЛМАН ҚЫЗ ШЫЛАПШЫНДАҒЫ ӨМІРІНЕ ШҮКІР ЕТЕДІ

Нигерияның Кано қаласында тұратын 19 жасар Рахма өмірінің көп бөлігін кәушік шылапшында өткізеді. Оның денесі осы кір жуатын ыдыстың ішіне ғана шақ. Рахма Харуна туғанда сап-сау болған, бірақ алты айлығында оның денесі өсуін тоқтатады,  тек басы ғана өзінің жасына сай өсіп отырған.

 Ауырсынғанына, дене бітіміне қарамастан ол әрдайым көңілді жүреді және өміріне еш шағымданбайды. Ислам міндеттерін де бір кісідей орындап, басынан орамалын тастамайды.

«Мен әрбір нәрсе үшін Алла Тағалаға рахметімді айтамын. Жеке кәсіппен айналысқым келеді, азық-түлік дүкенін ашсам деймін», – дейді Рахма.

Рахманың отбасы қыздарына диагноз қойып, жүктерін жеңілдетсе екен дейді, бірақ әзірге қолдан келер шара жоқ.   

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін