ИСЛАМ АРАҚҚА ТЕККЕ ТЫЙЫМ САЛМАҒАН...

Ғылыми зерттеулердің нәтижесінде алкоголь рак ауруын қоздыратыны анықталды.

Алты түрлі ісік ауруының туындауының салдары ішімдіктен болады екен.  Ғалымдар шайтан судан жыл сайын 500 мың адам көз жұмады деген қорытынды жасады.

Отаго университетінің ғалымы Дженни Коннор аталмыш тақырып төңірегінде жарық көрген мақалалар мен ғылыми нәтижелерді келтіре отыра, 7 түрлі ісік аурулары, атап айтқанда төс безі, ауыз қуысы жолдары, өңеш, бауыр, тік шек, тоқ шектің қатерлі ісік ауруларының өсуі арақпен байланысты деген қорытындыға келді.

Мұнымен қоса ісік алкогольдің мөлшеріне қарай үлкейе бермек.

Ғалымдар қатерлі ісік ауруынан сақтану үшін алкогольді ішімдікті доғаруға шақырады, әсіресе шарап пен сыраның зияны көп дейді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін