Исламға дұшпан болған депутат Гетенің өлеңін оқып мұсылман болды

Босқындарға дұшпандығымен танылған 75 жастағы Германияның кезіндегі асыра оңшылдар партиясының депутаты Уернер Клаун мұсылман болды. Осылайша бүгіндері адам танымастай өзгеріп, Сирия, Ирақ, Ауғанстаннан келген босқындарды панасына алып, қамқор болып отыр.

Тілін кәлимаға келтірген соң есімін «Ибраһим» деп өзгерткен Клаун Германияның «Билд» газетіне берген сұхбатында Ислам дінін қабылдауына Йоганн Вольфганг Гетенің өлеңі себеп болғанын айтқан. Гетенің Пайғамбарымызды мақтаған өлеңін оқыған ол Ислам дінін жақыннан тану үшін Құран Кәрімнің немісше тәржімасын оқып, артынша Ислам дінін қабылдаған.

Мұсылман болуымен ой-пікірінің де түгелдей өзгергенін тілге тиек еткен ол: «Исламға және мұсылманшылыққа қарсы асыра оңшылдар партиясының мүшесі ретінде өткен өмірімен қош айтысып қана қоюды жеткіліксіз көрдім. Өткен шағымның іздерін өшіру үшін үлкен жұмыстар атқаруды жөн санадым. Сол үшін босқындарға жәрдем етуді міндетім деп білдім», - дейді.

Ибраһим 2014 жылдан бері 18-30 жас аралығындағы екеуі «сириялық» барлығы 4 босқынды үйіне паналатып, бүгіндері бір отбасы болып өмір сүріп жатқан атап өткен ол: «Кезінде оларға жәрдем еткенім секілді қазір олар маған жәрдем етуде. Зейнетке шыққан маған 900 еуро зейнетақым жетпеген шақта ас беріп, тамақтандырады», ­- деді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін