КІТАП ОҚУДЫҢ ЕРЕКШЕ ПАЙДАСЫН БІЛЕСІЗ БЕ?

АҚШ ғалымдары кітап оқудың ерекше әсері бар екенін байқаған. Кітап оқу тек мидың жұмысын жақсартып қана қоймай, өмірді де ұзартады екен. Ғалымдардың зерттеу жұмысына жасы 50-ден асқан 3,6 мың адам қатысқан. Еріктілерді 3 топқа бөлген. Бірінші топқа кітапты көп оқитындар кірсе, екінші топқа кітапты біршама азырақ оқитындар, ал үшінші топқа мүлдем кітап оқымайтындар жиналған.

Зерттеу нәтижесінде кітапты ең көп оқитындардың қатарында жоғары білім алған, көп табыс табатын әйелдер қауымы басымырақ болғаны анықталған. Зерттеу қорытындысына сүйенсек кітапты күніне кем дегенде 30 минут  оқитын жандар кітап оқымаqтындардан шамамен 23 ай ұзағырақ өмір сүреді екен.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін