ӨЗБЕК ТЕЛЕАРНАСЫ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫНА АЛЛАҒА ШҮКІР АЙТҚЫЗБАДЫ

Өзбекстанның "Спорт" телеарнасы  ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Руслан Нуриддиновтің сөздерін қиып тастады.

Бұл туралы Азаттықтың өзбек қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Ауыр атлетикадан бірнеше жыл бойы Илья Ильиннің басты қарсыласы атанған өзбекстандық Руслан Нуриддинов  Рио Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды. Чемпион атанғанына қатты қуанған спортшы камераға қарап: "Аллаға шүкір, менің Аллама шүкір!" деп қуаныштан айғайлаған болатын.

Алайда, Өзбекстанның спорттық арнасы Нуриддиновтің Алла туралы айтқан сөздерін қиып тастаған.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін