ҚҰРБАН АЙТТА ЕЛІМІЗ ҮШ КҮН ДЕМАЛАДЫ

Мұсылмандардың ұлық мейрамы қасиетті Құрбан айт мерекесіне санаулы күндер қалды. Биылғы жылы бұл мерекеде еліміз 3 күн демалатыны белгілі болды. Құрбан айт мейрамының алғашқы күні дүйсенбіге, яғни 12 қыркүйекке түсіп тұрғандықтан, 10,11 және 12 (сенбі, жексенбі, дүйсенбі) күндері халқымыз қасиетті мерекеге дайындалып, құрбандықтарын шалып, демалатын болады. Естеріңізге сала кетсек, Құрбан айттың  алғашқы күні заң бойынша күнтізбеде қызыл күн болып жарияланған. 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін