АТЫСЫП ОЙНАУ ҮШІН 150 ТОННА ҚЫЗАНАҚТЫ ЫСЫРАП ЕТТІ

Испанияның Буньоль қаласында он мыңдаған адам қызанақпен атысып, фестиваль өткізді. Олар көңіл көтеру үшін 150 тоннадан астам қызанақты ысырап еткен.

1945 жылы бастау алған ойын әлі күнге дейін жалғасып келеді. Ережесіз ойында қарсылас та, командалас та жоқ. Әркім өз басын қорғап, жұртты атқылаумен болады. 10 мың тұрғыны бар Буньоль қаласына осы фестиваль кезінде жан-жақтан 40-50 мың қонақ келеді екен. Олардың барлығы фестивальге қатысу үшін билет алуға міндетті.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін