ТҮРКИЯ ЕЛШІЛІГІ ҚАРАҒАНДЫ МЕШІТІН ЗИЯРАТ ЕТТІ

Арнайы іссапармен келген Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігінің дін істері жөніндегі кеңесшісі Ибраһим Илмаз Қарағанды облыстық орталық мешітіне келіп, зиярат етті. Құрметті қонақты өңірдің өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы қарсы алып, құлшылық ордасымен таныстырды. Екеуара әңгімеде екі баурылас елдің діни тыныс-тіршілігі талқыланды. Ибраһим Илмаз Қарағанды халқының қонақжайлығына бас иіп, алғысын білдірді. 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін