ИТТІҢ СӨЗ ҰҒАТЫНЫН ҒАЛЫМДАР ДӘЛЕЛДЕП ШЫҚТЫ

Ғалымдар иттердің иелері қолданған сөздерді айыра алатынын дәлелдеді.

Science журналында жарияланған мақалада Мажарыстанда Eötvös Lorand университетінің ғалымдары 13 иттің миын MR арқылы зерттеген.

Зерттеу барысында иттерге иелерінің айтқан мақтау сөздері жағымды тонмен тыңдатылған. Нәтижесінде иттердің миында бұл сөздер марапат ретінде қабылданған. Кейін дәл сондай жағымды тонмен, бірақ бұл жолы басқа сөздер айтылған. Алайда, бұған иттің миында алдыңғыдай құбылыс байқалмаған. Соңында иттердің иелері қолданған сөздерді дауыс ырғағына, тонына қарамастан ажырата алатындықтарына көздері жеткен.

Зерттеу жұмысында иттердің де адам секілді сөздерді түйсіну үшін мидың сол жақ жартысының, ал дауыстарды түйсіну үшін оң жақ жартысының жұмыс істейтіні де анықталған.

Сонымен қатар, мақалада иттің бір затқа жұмсап, алып келуі үшін айтылған 1000-ға жуық сөздерді ажырата алу қабілетіне ие екені де айтылған.

© 2009-2019, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін