КОТОЛИКАЛЫҚ ЭПИСКОП МЕШІТ ЖАМАҒАТЫН МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАП КЕЛДІ

Қарағанды облыстық орталық мешітіне Қарағанды қаласының епископы (шіркеу өкілі)  Дель`Оро Аделио барша мұсылман қауымын қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап келді. Қарағанды облыстық орталық мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлына жылы лебізін білдіріп, жиналған жамағатты ұлық мейраммен құттықтаған шіркеу өкілі  ислам дінін өз дініндей құрметтейтіндігін және бұл айтулы күн тек мұсылмандар үшін ғана емес, барша Қазақстандықтардың мерекесі екендігін атап өтті. 

Бүгінде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері «Қазақстан» атты бір шаңырақ астында ынтымақ пен бірлікте өмір сүріп жатқандығы осындай дінаралық татулықтың үйлесім тауып, ұлтаралық қатынастың орныққандығының айқын дәлелі.

Құрбан айта баршамызға қабыл болғай!

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін