КАТОЛИКТІК ШІРКЕУ ӨКІЛДЕРІ БАС ИМАММЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Бүгін Қарағанды облыстық орталық мешітінде Қарағанды қаласындағы католик шіркеуінің епископы Дель`Оро Аделио мен бас епархия Евгений Зеньковский  Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының қабылдауында болды. Кездесу барысында алдағы уақытта бірлесе отырып атқарылатын қайырымдылық шаралар мен әр түрлі спорттық жарыстар өткізу жоспарланды.

Естеріңізге сала кетсек, католиктік шіркеу өкілі Дель`Оро Аделио бұдан бұрын да қасиетті құрбан айт қарсаңында мешітімізге келіп жамағатты ұлық мейраммен құттықтаған болатын. Сондай-ақ, Рамазан айында ауызашарларға қатысып, мұсылман бауырлармен етене араласып үлгерген. Бұл кездесу дінаралық татулықты нығайтумен қатар ішкі тұрақтылықты дамытудың кепілі болмақ.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін