МЕКСИКАДА 300 ЖАСТАҒЫ МУМИЯ КӨЗІН АШТЫ (ВИДЕО)

 

Мексиканың Гвадалахара қаласындағы кафедралы соборға қойылған 300 жастағы әулие Иносения мумиясы құлшылық ету кезінде көзін ашты. Жұмбақ кадрлар желіде жылдам таралып кетті.YouTube-та жарияланған бұл феноменнің себебін тілшілер де, комментаторлар да түсіндіре алмай отыр. Роликтің авторы да XVIII ғасырда өлген қыздың қалайша көзін ашқанын білмейді. Кейбір көрермендер роликті жасанды десе, кейбіреулері көзін ашып-жұмған мумияны тылсым белгі деп сенеді. Алайда қандай тылсым күш екенін өздері де түсінбейді. Кейбір деректерге сенсек, әулие Инесенияны шіркеуге барғысы келгені үшін әкесі бауыздап өлтірген.

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін