ТИМАТИ АДАЛ БУРГЕРЛЕР ҰСЫНБАҚ

Ресейлік атақты рэпэр Тимати жақында «BlackStar Burger» деп аталатын мейрамхана ашты. Ашылуының құрметіне барлық келушілерге 1 күн бойы тегін бургерлер таратқан рэпэрдің дәмханасына келушілер қатары өте көп болған. Тимати өз қолымен тағам дайындап, келген қонақтарды өзі жасаған бургерлермен тамақтандырды. Журналистерге берген сұхбатында дәл осындай мейрамханаларды болашақта Ресейдің басқа қалаларында да ашатындығын жасырмаған атақты әртіс, мейрамхана мәзіріне адал (халал) бургерлерді міндетті түрде қосатындығын айтты.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін