АУЫЗ БЕКІТУДІҢ ПАЙДАСЫН АЙТЫП НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНА ИЕ БОЛДЫ(ФОТО)

Медицина мен физиология саласы бойынша 2016 жылдың Нобель сыйлығына жапондық Ёсинори Осуми ие болды. Бұл жетістік Токионың Техикалық университетінің биология жасушаларының маманына "аутофагия механизмін ашқаны" үшін берілді. Осумидің жаңалығы адам ағзасындағы жасушалар қалайша өздігінен қоректенетінін көрсетіп, ағзаның ашығып тұруы, керісінше пайда әкелмесе зияны жоқ екенін көрсетті. 
Аутофагия – жасушалардың керексіз бөліктерінен тазару, яғни жиналып қалған түрлі "қоқыстардан" айығу. Аталмыш термин гректің "өздігінен тамақтану" деген екі сөзінен құралған. Ал жаңармайтын клеткалардың лизосомаларында бірнеше дүркін жүретін аутофагия нәтижесінде кәрілік пигменті – липофусцин жиналады. 
Сонымен, аутофагия дегеніміз жасушаішілік құрылымдарды жаңартатын механизмдердің бірі, яғни жасуша ішілік физиологиялық регенерация. Аутофагия нәтижесінде ескіру салдарынан өз белсенділігін жоғалтқан органеллалар жойылады. Ал ашығу емі Пайғамбарымыздан (ﷺ) келе жатқан сүннет амалдардың бірі. Ал ораза осы аутофагияда болатын жүйелерді қалыпқа келтіруге болатын бірден-бір амал.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін