ЕСКІ АУЫЛ СУ БЕТІНЕ ШЫҚТЫ (ФОТО) 

Кахраманмараш аталатын түрік провинциясында ескі ауыл су астынан шыға бастады. Бұл ауылды ширек ғасыр бұрын сол мекендегі өзендердің бірінің суы тасып, басып қалған болатын. Адамдардың барлығы құтқарылғанымен үй-жай судың астында қалған. Енді судың деңгейі күрт азайып, астындағы үйлер көріне бастады. Сол кезде құтқарылған 76 жастағы Ахмет Кабак Дурду есімді ауыл тұрғыны «Өз ауылымды көргенімде,сағынышым оянғандай сезімде болдым», – дейді. Ауыл тұрғындарының айтуынша, саман үйлер су астында бұзылып, езіліп кеткен, ал бетоннан салынған үйлер судың астында болғанымен сол қалпы қалыпты.
 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін