ШОПЫРДЫҢ ЖОЛДА НАМАЗ ОҚУЫ БРИТАНДЫҚТАРДЫ ДҮР СІЛКІНДІРДІ

Автокөлік ағылып жатқан трасса бойында автобус жүргізушісінің намаз оқу үшін тоқтағаны британдық қоғамды дүр сілкінді. Мектеп оқушыларын таситын мұсылман жүргізушінің намаз оқу үшін қоғамдық автобусты тоқтатып, 10 минуттай кідіргені ата-аналардың тарапынан да наразылық тудырған. «Ол көліктер ағылып жатқан трассада еш ескертусіз тоқтап, сыртқа шықты. Сумен аяқ-қолын жуып, кілемше алды да намаз оқи бастады», - деді 36 жасар Клэр Пауэлл.  Болған оқиғадан соң, жүргізушіге қатаң сөгіс беріліп, мұндай оқиғаның енді қайталанбауын талап етіпті.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін