ҚАСИЕТТІ ҚАҒБАНЫ ЖУУ РӘСІМІ ОРЫНДАЛДЫ

Меккеде қасиетті Қағбаны тазарту жұмыстары жүзеге асты. Алғашқыда мұсылмандар үшін қасиетті болған Қағба жылына екі рет – Мухаррам және Шағбан айларында жуылатын. Қазір бұл шара бір рет қана жасалады. 
Сондай-ақ Қағбаны алқызыл сумен жуады. Суға мұндай түс беретін – раушан гүлдері. Ал раушан гүлдерін арнайы Тайф провинциясында зәм-зәм суымен суарып өсіретін көрінеді. Бұл жылы қасиетті үйді жууды корольдің кеңесшісі, ханзада Халед әл-Фейсал басқарды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін