КЕЗ-КЕЛГЕН АЛКОГОЛЬ ӨНІМІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Иракта ішімдіктің қай түріне болсын, толықтай тыйым салынады. Мұндай шешім ел парламентінің отырысында қабылданды. Бұрын алкогольді ішімдік Ирактың үлкен қалаларында ғана сатылатын. Енді мемлекеттің барлық аймағында сатуға, алуға, шығаруға, елге тасымалдауға мүлдем шектеу қойылды. Заңға бағынбағандарды 8 мыңнан 20 мың долларға дейін айыппұл күтіп тұр.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін