ҚАРТ ШӘКІРТТЕР 56 ТАРАУДАН ТҰРАТЫН КІТАПТЫ ОҚУДА

Қарағанды облыстық орталық мешітінде 30-ға жуық апаларымыз ұстаздардан білім алуға келеді. Егде тартса да дін ілімімен сусындауға ол кісілерге еш кедергі жоқ. Жақында ғана апаларымыз 56 тараудан тұратын "Шамаиль Мухаммадия" кітабын оқуға кірісті. Бұл оқулықта Пайғамбарымыздың сырт-келбеті, мінез-құлқы толықтай әспеттелген. Қарт шәкірттер болса ұстаздары Сайлау Мусинмен бірге бүгінгі күні І тарауды аяқтады. Осыған орай орталық мешітте дастархан жайылып, ас берілді. Қарт аналарымыз да осы уақытқа дейін Алла елшісіне арнап 3 рет хатым қылған көрінеді. Облыстың өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа апаларымызға әрі қарай да зейіндері ашылсын, Алла сауаптан қылғай деген ізгі тілегін жеткізді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін