«ХАЛАЛ АЛКОГОЛЬ» МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ ЖАҒАСЫН ҰСТАТТЫ

АҚШ-да жергілікті компаниялардың бірі өздерінің алкогольді өнімдеріне «Халал стандарт» сертификатын үйлестіріп алған көрінеді. Бұл жайында HalalFocus ақпарат орталығы хабарлайды.

Компания басшылары өз өнімдеріне «халал» деп ат қойып, алаяқтыққа барғаны аздай, жаңа сусындарын арақ, шарап, виски, бренди, ром, джин, амаретто, мохито, маргарита, текила сынды алкогольді ішімдіктердің дәмімен жасап шығарған екен.

Өндірушілер өз өнімдерінің қаптамасына «құрамында алкоголь, қант, шошқа еті, глютен жоқ» деп көрсетіп қойған. Тіпті, бұларды қолдану «айып болып табылмайтынын» да қосуды да ұмытпапты.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін