МҰСЫЛМАНДАР ПРЕЗИДЕНТТІКЕ ЛАЙЫҚТЫНЫ ТАҢДАЙ АЛАДЫ

8 - қараша күні өтетін АҚШ елінің президент сайлауына миллионнан астам мұсылман қатыса алады. Мұсылман дауыс берушлерінің мұншалықты көбеюі сайлауда әсерін тигізбей қоймайтыны анық. Америкалық мұсылмандар кеңесінің орталығы "Біз "Бір миллион дауыс берушілер" жинау керек деген мақсатымызға жеттік. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда екі есеге көп ", -дейді. Орталықтың бас хатшысы Уссама Джаммаляның айтуынша, компания белсенділері мектептер мен қоғамдық орындарда және мешіттерде халықты сайлауға жұмылдыруға ат салысып жатқан көрінеді. Бұл жолы сайлауға үміткер Дональд Трамптың исламға қарсы пікірлерінен кейін, көпшілік Хиллари Клинтонға дауыс беруі мүмкін деген жорамал бар.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін