АЛЛА ЕЛШІСІ (ﷺ) МАЗАРЫНЫҢ КІЛТІН ИЕЛЕНГЕН ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР (ФОТО)

Төмендегі суретте Алла елшісі Мұхаммед пайғамбарымыздың  ()  мазарының кілтін сақтап келе жатқан сегіз тұлға көрсетілген. Аталмыш портреттердің авторы фотограф Адель Курайшидың «Сақтаушылар» атты фотожобасынан үлкен жауапкершілік пен зор мәртебеге ие болған жандарды байқауға болады. Қасиетті кілттің сақталуы сонау XII ғасырдан бастау алып келген. Ал,қазіргі таңда  жауапты қызметті мойындарына жүктеген тұлғалар Медина қаласындағы Пайғамбарымыздың   () мешітінде қызмет көрсетуде. «Олардың жанында жаным жәй тауып, ерекше күйге бөлендім. Бөлменің іші нұрланғандай болды, ал олардың бейнесі одан да нұрлы болатын», деп фотограф жұмыс барысында алған әсерімен бөлісті. Осындай мәртебелі қызметте жүрген жандарға пайғамбарымыздың (ﷺ) шапағаты тиіп, Ұлы Жаратушымыз разы болғай.  

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін