Әлемде алғаш рет жібектен Құран Кәрім жасалды (фото)

Әзірбайжандық 33 жастағы суретші әрі безендіру өнерінің шебері Тунзале Меммедзаде есімді қыз жібек парақты Құран Кәрім жасады. Алтын және күміс бояумен Қасиетті Құран аяттарын  жібек матаға жазып дайындаған «әзірбайжандық» өнерпаздың бұл еңбегі әлемдегі алғашқы көркем туынды. Бұл еңбек үшін Тунзале 50 метр қара жібек пен 500 миллилитр алтын және күміс бояу қолданған.

29х33 көлеміндегі жібек Құран Кәрімді дайындап шығуға 3 жыл уақыт кеткен. Түркияда Мармара университетінің өнер тарихы саласында докторлығын оқып жатқан Тунзале Меммедзаде бұл іске кіріспес бұрын мұндай көркем туынды бұрын-соңды жасалған ба, соны зерттеп алған. «Зерттей келе бұған дейін жібектен Құран Кәрім жасалмағандығын білдім. Бұған дейін Құран Кәрім көптеген дүниелерге жазылып келді. Алайда жібекпен жасалып отырғаны бұл алғашқы. Мен бұл Құран Кәрімнің барлық парақтарын жібектен қылдым. Оның үстіне жібек Құран Кәрімді кездесетін мата», – дейді ол.

 Араб қаріптерін білгендіктен аяттарды жазу мәселесінде еш қиналмағандығын тілге тиек етті ол. «Бұл істі соңына дейін бітіруді қатты қаладым. Мұндай көркем туындыны соңына дейін бітірткен Аллаһ Тағалаға шүкірлер айтамын. Әлемдегі алғашқы жібек Құран Кәрім жасағаным үшін бақыттымын», – дейді Тунзале.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін