1882 жылы дүниеге келген қария табылды

Иран мемлекетінің Саккез қаласындағы  Ахмед Суфи атты тұрғынның 1882 жылы дүниеге келгені анықталды. Бұған дейін аталмыш мемлекеттің жасы үлкен азаматы ретінде 130 жасар Камьяран болған еді.

Осынша ұзақ жасап отырғанына қарамастан, Ахмед Суфидің денсаулығы өте жақсы. Жақындарының айтуынша қария барлық шаруаға белсенді ат салысып, тіпті өзінің ақыл-кеңсін айтып, көмек береді екен.

134 жасар Ахмед Суфи әлем бойынша ұзақ жасап келе жатқан қариялардың арасынан екінші орынға жайғасты. Әзірше өзінің 145 жасымен   Индозензиялық Содимеджо рекордтар кітабының бірінші орнында тұр.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін