Мұсылман мектептері үздік шәкірттерімен көзге түсті

Бримингемдегі үш бірдей мұсылман мектептері биылғы жылы Англиядағы үздкі жиырма мектептің қатарына кірген. Бұл жайлы Ұлыбританиядағы білім беру Департаменті хабарлады.

Соның ішінде, қыз балаларға арналған «Аль-Бурхан» мектебінің шәкірттері ерекше көзге түскен. Олардың барлығы да 100% пайыз «үздік» деген бағаны иеленген. Сондай-ақ, «Таухид-уль-Ислам» атты мектептің оқушылары да ұстаздарын қуантып үлгерді. Әсіресе, ағылшы тілі мен математика пәндерінен үздік көрсеткіш көрсеткен. Аталмыш мектептердің директорлары биылғы жылы жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, Ислам дінінің өркендеуіне де ат салысып отыр.  

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін