Елбасының қатысуымен өткен форумға «Жастар ісі» бөлімінің өкілі қатысты (фото)

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Республикалық жастары форумы өтті. Аталмыш форумды өткізу Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні аясына орай  белгіленген болатын.

Елбасымыз форумда ең  алдымен: «Еліміздің болашағы жастар арқылы мықты болады. Еліміз мәңгілік, жастарымыз бақытты болсын!»,- деп ізгі тілегін жеткізді.  Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов жастар арасындағы тіл мәселесіне байланысты бірнеше тақырыптарды талқыға салып, «қазақ пен қазақ бір-бірімен қазақша сөйлесуі керек»,- деген Елбасының сөзін баса назарға алды.

Форумға Қазақстанның барлық өңірінен мыңнан астам адам қатысты. Оның ішінде кәсіпкерлер, өндіріс саласының түрлі еңбеккерлері, ғалымдар, студенттер, танымал спортшылар мен жастар ұйымының көшбасшылары қатысты. Сонымен қатар  еліміздің білім беру, денсаулық сақтау, жеке кәсіпкерлік, мәдениет, спорт және қоғамның басқа да салаларынан шыққан ең белсенді жастары да бой көрсетті.

Атаулы форумға Қарағанды облысынан 350 адам тіркеліп, оның ішінен ең үздік 47 көшбасшы таңдалды. Мәртебелі таңдаудың бірі, Қарағанды облыстық орталық мешіті «Жастар ісі» бөлімінің өкілі Нұржігіт Оразалыұлына берілді. Жыл бойы атқарған жемісті еңбегінің арқасында зор беделге, үлкен сенімге ие болды.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін