АЛАПАТ ӨРТТЕН ҚҰРАН КІТАБЫ АМАН ҚАЛДЫ (ФОТО)

     Татарстанның Чистополь қаласында екіқабатты қалалық әмбебап дүкені өртеніп кетті. Салдарынан көрмеге әкелінген үй жануарлары мерт болды. Алапат өрт 3 мың шаршы метрді қамтыған.

Өрт сөндірушілер өз қызметтерін аяқтағаннан кейін ғимаратты жалға алушы кәсіпкерлер мен сауда орны қызметкерлері әлеуметтік желілергекүлге айналғаннан үйінді арасында аман қалған Құран кітабы жайлы жарыса жариялады.

Суретте ешбір от зақымы тимеген Құран кітабы анық көрінеді (Татар тіліндегі Нұғман тәпсірі). Бұл Құран Кәрім осы ғимараттағы зергерлік бұйым бөлімінен табылған деп жазады «Казан фест».

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін