Қарағанды облысы бойынша имамдардың төралқа жиналысы өтті (фото)

Кеше яғни, желтоқсан айының 28-жұлдызында сағат 11:00- де Қарағанды облысы бойынша имамдардың  төралқа жиналысы өтті.

Жиналысты Қарағанды облыстық орталық мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы бастап, облыс көлеміндегі мешіттердің  2017 жылы атқарылатын іс-шараларының жылдық жоспары талқыға салынды. Сондай-ақ, ҚМДБ-ның төл басылымы саналатын «Иман» журналы мен «Ислам және өркениет» газетінің 2016 жылғы жазылу барысының есебі тапсырылып, асыл дінімізді насихаттау барысы бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.  

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін