Нигерияда күн сайын 2 мыңнан астам бала өлуде

Нигерияның Азаматтық қоғам «Тамақтану жобасы» координаторы Убах Ннаемеканың Куара елдімекенінде жасаған мәлімдемесінде осы елде жеткілікті тамақтанбаудың себебінен күн сайын 2 мың 300 баланың дүниеден озатындығын білдірді.

Халықтың назарын Дүниежүзілік денсаулық және қоғамдық зерттеу мәліметтеріне аударған Ннаемека «Нигерияда аналардың тек 17 пайызы ғана балаларын емізе алатын халде» деді. Алдын алу шаралары атқарылмаса жағдай одан бетер ушыға түстенідігін тілге тиек еткен ол: «Жеткіліксіз тамақтану баланың ақыл-ой дамуының тежелуіне де әкеп соғады. Бұл да Нигерияның келешегін бұлыңғыр қылмақта», - деді.

Сондай-ақ, бұл аймақтағы халық экономикалық дағдарыстың себебінен барған сайын кедейленуде әрі елдің солтүстігіндегі Боко Харам мен қауіпсіздік күштері арасындағы теке-тірестің кесірінен миллиондаған халық басқа аймақтарға көшуге мәжбүр болуда.   

© 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін