Ақшасы жоқтарға тегін тамақ береді (ФОТО)!

Канаданың Монтреал қаласында асханасы бар бір кәсіпкер мұсылман ақшасы жоқтарға тегін тамақ береді. Кәсіпкер Яхия Хашами асханасының есігіне ағылшын және француз тілінде ақшасы жоқ жандарды тегін тамақтандыратынын жазып қойған. Оның бұл мәрттігі әлеуметтік желіде жылдам тарап кеткен. Канадалық басылымға да шығып үлгерген. Мұсылман кәсіпкердің айтуынша, оның бұл қайырымды қызметін күніне орташа 4-5 адам пайдаланып, тегін тамақтанып кетеді екен.

Оның бұл сауапты ісінің жүріп жатқанына 5 айдау уақыт болып қалған екен. Хашами: «Ашты тойғызу дініміздің әмірі. Оның үстіне бұл мемлекет бізге көп дүниелер берді, біз де Канадаға бірдеңе беруді қаладық», – деді.

Яхия Хашамидің айтуынша, оның бұл қайырымдылығына ортақ болуды қалаған клиенттер де бар екен. Кейбір клиенттер «келесі тегін тамақтаныру менен болсын» деп кей кездері 20, 30 тіпті 50 доллар артығымен төлеп кетеді екен. «Бұл жерге келіп «ақшам жоқ» деген жанды еш тергеп жатпаймыз. Ақша жоқ кім келсе де, емін-еркін келіп тамақтанып кетеді», – дейді қайырымды жан Яхия.

© 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін