500 МЕТР БИІКТІКТЕ НАМАЗ ОҚЫҒАН МҰСЫЛМАНДАР ЕЛДІ ӨЗІНЕ ҚАРАТТЫ

Әлеуметтік желілерде Mecca’s Royal Clock Towerhotel мейманханасының ең жоғарғы қабатындағы құлшылық бөлмесіндегі намаз оқып жатқан мұсылмандардың суреті кең тарап кетті.

10 адамға арналған шағын бөлме Мекке қаласындағы ең ерекше намазхана саналады, деп хабарлайды AlArabiya. Араб халқында «Мусалла» деп аталатын құлшылық бөлмесі «Абрадж аль-Бейт» сағатты кешенінің жарты ай мұнарасы құрылымында, жер бетінен 600 метр және Қағбадан 500 метр биіктікте орналасқан.

 

Құлшылық бөлмесі жарты ай құрылымындағы «Аллаһу Әкбар» жазбасының «Алиф» әрпінде орын тепкен. Әріп диаметрі – 23 метр. Мусалла осыншалықты биікте болғанына қарамастан, Қағбаға ең жақын намазхана деп бағаланады.

© 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін