Құран оқитын қалам

Қытайлық Emac компаниясы мұсылмандарға арналған сандық техникаларды жасап шығаруға маманданған. Олар плеер, нетбук, ұялы телефон, электронды кітап, тіпті Құран оқитын қаламға дейін ойлап тапқан. Мұсылмандар арасында, әсіресе, Құран Кәрімді оқуға арналған ерекше қалам кең сұранысқа ие екен. Құрылғыны жасап шығарған мамандар Quran ReadPen PQ15 қаламының Құран оқуда, жаттауда таптырмас көмекші екенін жазады. Quran ReadPen PQ15 қаламының ұшын кітаптағы қалаған жолыңызға тигізсеңіз болғаны, мәтінін Құран оқушылардың бірінің (18 қаридың бірін таңдауға болады) даусымен оқиды. Қаламды сүрелер мен аяттарға жақындатып, оларды танымал қарилардың даусымен оқылуын тыңдауға болады. Мұнда түрлі тілдерге де аударып оқып береді. Олардың қатарында қазақ, орыс тілдері де бар. Қалам Құранның жекелеген сөздерін, аяттарын, сүрелерін, тұтас беттің өзін оқи алады. Сонымен қатар, тек араб тіліндегі түпнұсқасын оқу және таңдалған тілдегі мағыналық тәржімесін оқу, тек тәржімесін оқу секілді оқылуының әр алуан түрі бар. Қалам көмегімен араб тілін, намаз оқуды үйреніп, күнделікті өмірде қажет дұғаларды оқып, жаттауға болады.

© 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін