Әйгілі спортшы мешітте намаз оқыды (фото, видео)

Әлемге әйгілі былғары қолқап шебері  Энтони Джошуаның  Дубай мешіттерінің бірінде намаз оқыған суреті ғаламторға тарады. Оның айтуынша ол әлі ислам дінін қабылдамаған. Бірақ, өзінің Жаратушыға сеніп, жиі дұға жасайтынын жасыра алмады.

 2016 жылдың мамыр айында берген сұхбатында өзінің ешқандай дінде емес екенін айтқан болатын. Алайда, біраз уақыт өткен соң әлеуметтік желіде оның тағы да бір бейнеролигі шықты. Аталмыш бейнероликте Энтонидің ұшаққа жайғасар сәті түсірілген.  Әуе көлігінің ұшар сәтінде әйгілі спортшы «Бисмиллях» сөзін айтып, өзінің мұсылмандыққа жүрегі бұрғанын көрсетті.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін