Ер адам табыттың қақпағын ысырып өзінің жерлеу рәсімінде оянып кетті

Қытайда Сычуань провинциясында тұратын 75 жастағы ер адамның жүрегі ұстап құлайды. Оны өлдіге санаған туыстары бірден жерлеу рәсіміне дайындалып, ер адамды тіпті табытқа салып үлгеріпті.

Қытай БАҚ-тарының хабарлауынша, ер адам табытта жатқан кезінде есін жиып, қақпақты ысыруға тырысқан.

Алайда табыт қақпағы сырғанап кетті деп ойлаған туыстары, оны қайта жауып тастамақшы болады. Ақырында олар табытты ашып қараған кезде, өзінің тірі екенін айтуға талпынып жатқан ер адамды көріп таңғалып тұрып қалған.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін