Ойда-жоқта қолы мен аяғына Алланың аты жазылған қызылордалық қыздың оқиғасы (фото)

Қызылордалық қыз Мәдина әуелі есінен танып ауырады. Содан әке-шешесі оны аурухананың жансақтау бөліміне жатқызады. Дәрігерлер қолынан ем келмеген соң, оны мешіттегілерге жұмсайды. 

Бұл туралы Қызылорданың “Қоғам” телеарнасында хабарланды.

Мешіттегілер қыздың ахуалын көріп «Ясин» сүресін оқиды. Екі күн өткен соң қыздың сол қолына белгісіз жазу пайда болады. Ойда жоқта пайда болған нәрсеге үй іші таңғалады. Кейін қызды мешіттегі діндарларға апарып көрсетеді. Олар жазуды оқып, оның «Бисмиллахир-рахманир-рахим» деген арабша сөз екенін айтады. Кейіннен қыздың аяғы да ауырсынып, біраздан соң «Аллаху акбар» деген арабша жазу пайда болған.

Мешіт молдасы мұның барлығы Алланың құдіретімен болып жатқанын, оның денсаулыққа еш зияны жоқ екенін айтты.

Мәдина қол-аяғында жазу пайда болғалы бері бойында әлдене бардай сезінеді екен. Бірақ оның не екенін өзі де білмейді.

«Өзімді жақсы сезінем. Бұған дейін екі рет өлім аузынан қалдым. Алдымен қолымда, ертесі күні аяғымда жазу пайда болды», – дейді ол.

Осы жағдай болғаннан бастап, Мәдина Аллаға құлшылық етіп, білген Құран сүрелерін айтып жүр. Енді намаз оқуға талпынуда. Жаны тыныштықты, жалғыз болғанды қалайды. Атасының айтуынша, арғы атасы діндар кісі болған көрінеді.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін