105 жыл бұрын иесіз қалған кемеде орман пайда болған

Австралиядағы Хоумбуш шығанағында 105 жыл бұрын иесіз қалған кемеде қалың ағаш өсіп, әлем жұртшылығын таң қалдырды. 

1911 жылы әскер тасу үшін жасалған кеме талай тарихты бастан өткеріп барып, Хоумбуш шығанағынан орын теуіпті.

Кемені пайдаланушылар оны өңдеуге жіберуді ұмытып, осы айлаққа қалдырған. Содан ғасырдан да астам уақыт ішінде кеме ішіне кәдімгі орманды көзге елестетердей көп ағаш қаулап өсіп шыққан.

Жергілікті тұрғындар кемедегі орманды шет елден келген қонақтарға мақтанышпен көрсетеді. Әрі оның сақталуына үлкен мән береді. Австралия тұрғындары ерекше орманның сәнін бұзбау үшін ескі кемені орнынан қозғамауды ұйғарыпты.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін