Пайғамбарымыздың 7 ﷺ алтын өсиеті

Пайғамбарымыз ﷺ сахабасы Әбу Зәррға (р.а.) мына 7 өсиетті айтады. Сахаба да бұл өсиеттерді өмірінің соңына дейін ұстанып өтеді. Бұл өсиеттер тек қана Әбу Зәрр үшін ғана емес, барлық үмметке айтылған өсиет еді. Біз де ұстанып өтейік ендеше.
Кедей, пақырларды сүйіп, оларға жақын бол!

Мал-мүлік, дүние жағынан өзіңнен төмендегілерге қара, өзіңнен жоғарыдағыларға қарама!

Туған-туыс сенімен қарым-қатынасын үзіп, саған жапа шектірсе де, сен олардан байланысыңды үзбе!

«Лә хәулә уә лә қууәтә иллә билләһ» дұғасын көп оқы!

Ащы да болса шындықты айт!

Алла жолында көрінгеннің айыптауынан қорықпай, хақты жақтауда күш-жігеріңді сарп ет!

Мұқтаждық тумайынша ешкімнен ештеңе сұрама да қалама!

Тәбәрани, әл-Мужмә’ул-Кәбир

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін