Қазақ арасында көп қойылатын ислами есімдер

      Есімдер сырына үңілсек, ата-бабаларымыздың Алланы тану, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ақ жолына деген нық сенімін көреміз. Қазақ халқы балаға ат қоюға немқұрайлы қарамаған. Баланың есімін нұрлы болашақпен, адалдықпен, қаһармандардың өнегелі жолымен байланыстырған.

 

      Алла Елшісінің (с.а.у.) хадистерінде: «Әкенің бала алдындағы міндеті – жақсы ат қою және жақсы тәрбие беру», – деп, перзент алдындағы міндетін нақтылаған. Пайғамбарымыздың(оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде:«Қиямет күні өз аттарыңызбен және әкелеріңіздің аттарымен шақырыласыздар. Сондықтан балаларыңызға жақсы ат қойыңыздар», – деп, нәрестеге есім беруде неғұрлым талғампаздық болуын ескерткен.

Халқымыздың ат қою үрдісіне зер салсақ, Қасиетті Құранда аттары бар 25 пайғамбардың есімдері қазақ есімдерінде дерліктей кездеседі. Халқымыздың пайғамбарлардың ұлылығына ежелден шек келітірмегенін байқаймыз. Бұл дәйекті Мұхаммед, Дәуіт, Мұса, Иса, Ибраһим, Жақып, Жүсіп, Ыдырыс қатарлы есімдердің көп қойылуынан байқаймыз.

Қазақ арасында жиі қойылатын Ажар, Сара деген есім Ибраһимнің құдай қосқан жары болған әйелдері екендігі белігілі. Бұл есімдерде қыздарға көп қойылады. Ибраһимнің ұлдары Ысмайыл мен Ысқақ та қазақ арасына кең тараған есімдердің қатарында.

Ұлтымызда кең тараған Жүсіп сөзі арабша пайғамбар деген мағынаға ие. Ұлтыздың ұлы тұлғалары Жүсіп Баласағұн, Мәшһүр Жүсіп, Иманжүсіп, Жүсіпбек Аймауытовтардың есімдері де пайғамбардың құрметіне қойылған деп білеуге болады.

Қазақ арасында көп тараған есім Мұхтар – құрметті, таңдаулы, сыйлы дегенді білдіреді. Ұлтымыздың тарихында Мұхтарлар расында да атына заты сай болды десек, қателеспейміз.

Қазақта нәрестеге жиі қойылатын Қамар деген қыз есімі қазақша ай деген мағынада.

Сонымен қатар ұлтымыздың есім қорында Исырайыл, Мекайыл секілді періштелердің де есімдері бар. Абдолланың және Абдірахман аттарының негізгі мағынасы Алла Тағаланың құлы деген мағына береді.

Исламдағы қасиетті күн жұма сөзінен басталатын Жұмабай, Жұмахан, Жұмабек, Жұмақұл, Жұматай қатарлы аттар өте көп кездесіп жатады. Бұл жұма күіне деген құрметті блдірсе керек.

Кәусар есімі «Кәусар» сүресіне қатысты, тұнық, мөлдір деген мағынада жиі берілетін есімдер санатынан көреміз.

Қазақ қыздарына ең көп таңдалатын Мәдина деген есім болса ол Алла Елшісінің исламды жайған, өзі мәңгілік тұрақ тапқан қасиетті Мәдина қаласының құрметіне қойылады.

Қазақта көп кездесетін Зәуреш – нұрлы, Қадыр – қадірлі, Сабыр – сабырлы, Әрсен – батыл деген мағынаға ие.

Сонымен қатар Қазақ халқы Алла Елшісінің жары Қадиша анамыздың, Айша анамыздың, қыздары Фатиманың, Зейнептің, ұлы Қасымның есімдерін балаларына әдейі жақсы ырыммен берген.

Бүгінгі дәуірде де есім таңдауда әсіресе ұлтымыздың санасына және тілдік қорымызға сіңген ислами есімдер жиі таңдалатындығын байқауға болады. Қазір Иман, Ислам, Илхам, Махмұт қатарлы есімдер көп таңдалады.

Қазақ өрендері атына заты сай болғай!

Дәулет қажы Қабидолдин

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін