Ата-аналардың қаперіне саламыз

Қытайда ұялы телефонды қуаттау үшін тоқ көзіне сұғылып тұрған сымның ұшын аузына салған бір жастағы сәби мерт болды. Бұл туралы Қытайдың «тұрмыс 100» әлеуметтік парақшасы хабарлайды.

«Телефонға тоқ толтыру әдеттегі іс, алайда, мына оқиғадан кейін оған салақ қарауға болмайтынын түсінесіз» деп жазады аталмыш парақша.
Үйде ойнап отырған бала тоқ көзіне сұғулы қалған сымның ұшын аузына салған. Нәтижесінде дыбысы шығып үлгерместен жан тапсырған. Бұл хабарды Қытайдың бүкіл әлеуметтік желісі таратып, әркім өз парақшаларында бөліскен. «Бұл ата-аналарға ескертпе! Сондықтан әр-біріміз өз мүмкіндігімізше таратуға міндеттіміз» деп жазады әлеуметтік желі қолданушысы Жаң ми.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін