Сұмдық жаңалық, Қажылықты Қызылордада өтеп жүр

Қызылода облысына қарасты Жаңақорған ауданында қасиетті Қағбаның үлгісінде  тұрғызылған ғимарат орналасқан. Бүгінде оны қасиетті мекенге балаған табынушылар, жеті рет айналып, қажылықтың рәсімін өтеп жүр.

Аталмыш мекеннің тарихын зерттеп қарайтын болсақ, бұрын бұл жерде Абжалел бап есімді адам тұрған деседі. Ол осы аймақта ислам дінінің тарауына еңбек сіңіріп, қызмет еткен. Ал, ғимарат бастапқыда Абжалел баптың намаз оқитын бөлмесі ретінде тұрғызылған. Кейіннен сыртқы бейнесі өзгертіліп, Қағбаның көшірмесі ретінде жасалынған. Жаңақорған ауданының имамының айтуынша ғимараттың тұрғызылғанына 400-500 жылдарды  құрайды. 

Ғимараттың сыртқы келбетін өзгерту үшін жергілікті халық оның ұрпақтарына да өтінішпен барған. Бірақ, нәтижесі болмаған соң, осы қалпында тұруын жөн санаған. 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін