Аймағымызда мүгедек жандарға арналған рухани кеш өткізілді (фото)

Сүйікті пайғамбарымыздың  ﷺ  ізгі сүннеттерінің бірі науқасты зиярат етіп, көңілін сұрау, хал жағдайын білу барша мұсылман қауымға аян. Дәл осы игі амадар арқылы мұсылман тек  өзінің  адамгершілік болмасын емес, ислам дініне айна болмақ.  Айналамыздға көз салсақ қаншама  көмекке мұқтаж жандарды көзің шалады. Тағдырдың түрлі тәлкегіне түскен жандарға қол ұшын беріп, жәрдемдесу, мейірімділік таныту мұсылманның міндеті. 

Бүгін ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша "Жастар ісі"  бөлімі мен "Зекет" қорының ұйымдастыруымен  және де  "әйелдер қыздар" секторының қатысуымен аймағымыздағы  мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап рухани кеш ұйымдастырылды.  Аталмыш мерекенің салтанатты басталуында Қарағанды облыстық орталық мешітінің бас  имамы Өмірзақ қажы Бекқожа кеш  қонақтарына өзінің ізгі тілегін жеткізіп,  жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы, дінтанушы Нұрбол Тағаев келген қонақтармен өнегелі уағыз насихатын бөлісті. 

Рухани кеште күй шерліп, ән айтылды, қобыз тартылып, өлең оқылды. Кеш соңында келген қонақтарға сыйлықтар үлестіріліп, ізгі тілектер айтылды. 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін