Назарбаев: Егер ол тірі болғанда, қатты жақсы көретінімді жазар ем

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні Ақорданың баспасөз қызметі осыдан 15 жыл бұрын мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелдер қауымы өкілдерімен кездесу барысындағы видеосын жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Аталмыш видеода "Анаңызға не жазар едіңіз?" деген сауалға елбасының берген жауабы бар.

«Аналар кез-келген әйел секілді өз балаларынан қашан да жылы сөздер күтетін болар. Әсіресе, аналар бұған мұқтаж болары анық.

Жалғыз мен емес, барлығымыз да есейіп, ер жеткен соң аналарымызға аз уақыт бөлгеніміз үшін ішімізден өкініш білдіріп жатамыз. Жылы сөздерді айта алмадық дейміз. Және «Анашым, мен сені жақсы көремін!», деп аз айттық.

Оның жанында жиі бола алмағаныма қатты өкінемін. Бірақ, оның мені қалай өте жақсы көргенін мен білетінмін. Оның маған деген махаббаты мені әлі күнге дейін қолдап келеді.

Тіпті, маңызды шешімдер қабылдар кезде ол менің түсіме кіреді. Бірден айтайын, мен дәруіш емеспін, ешқандай балгерге де, экстрасенс пен жұлдызшыларға да сенбеймін.

Алайда, ол менің түсіме еніп: «Сенімді бол, бәрі де жақсы болады!» дейтін.

Қазір ол тірі болғанда және мен оған перзент ретінде жазған хатымда өте қатты жақсы көретінімді және оны қадірлейтінімді жазар едім», - деп ағынан жарылды Нұрсұлтан Назарбаев.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін