«Қыз сұлу көрінеді әдебімен» атты рухани кеш өтті (фото)

Қарағанды облыстық орталық мешітінде жастар ісі бөлімі және әйелдер қыздар секторының ұйымдастыруымен "Қыз сұлу көрінеді әдебімен" атты рухани кеш өткізілді. Аталмыш кеште облысымыздың өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа кіріспе сөзін сөйлеп, келген қонақтарға өзінің ізгі тілегін жеткізіп, уағыз-насихатын арнады. Аймағымыздың айтулы ақыны Дидар Хамиев ардақты аналарымыз бен асыл қарындастарымызды құрметіне терме айтып, кештің сәнін келтірді. 

Қыздар арасында бірнеше кезеңдерді қамтитын ойын ойнатылды. Білімдері бірінен-бірі асып, ойынның әр кезеңінен сүрінбей өткен қатысушыларға марапаттау қағаздары мен Құрани Кәрім және қаржылай сыйлық берілді. Рухани кешке келген қонақтарға да сұрақ-жауап ойыны ойнатылып, сыйлықтар үлестірілді. Кеш соңында дастархан басына жиналған қонақтарға  бата беріліп, Құран оқылды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін