БИЫЛҒЫ ҚАЖЫЛЫҚҚА БАРАТЫНДАРДЫҢ САНЫ 40 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ

Биылғы жылы мұсылмандық бес парыздың бірін орындап, қасиетті мекенді зиярат етушілердің саны былтырғы жылмен салыстырғанда, 40 пайызға арта түсуі мүмкін. Айта кетейік, былтырғы қажылық маусымында қасиетті мекенге 1,9 млн жан келген болса, бұл көрсеткіш биылғы жылы 2,6 млнға дейін жетпек.

Бұндай болжам жасауға Харам мешітіндегі инфрақұрылымды өзгерту жұмыстарының аяқталғаны себеп болып отыр. Жаңа мүмкіндіктер арқасында енді Харам мешітінде 1 сағат ішінде 48 000 жан Қағбаны тауап ете алатын болады.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін