Қазақ қыздары мұндай суретті ғаламторға жариялауына болмайды

«Қыздар, жалаңаш суреттеріңді желіге жариялаудың керегі жоқ. Ол сурет сіздің жолдасыңыздың, балаңыздың немереңіздің есінде мәңгі қалады. Өздеріңді көрсеткілерің келетінін білем. Бойдақ кезінде жалаңаш қыздарға қызығып жүрген достарымның ешбірінің әйелі ондай қыздардың қатарынан емес. Олар жалаңаш қыздармен тек қыдыратындарын айтады. Кейін тастап кете барады. Сондықтан неліктен күйеуге алмайтындарына таңғалмаңдар. Тіпті асқан сұлулықтың өзінің шегі бар ғой», – деп жазады Бердоңғаров желідегі парақшасында.

Желі қолданушыларының басым бөлігі оның айтқанын қолдау білдірді. Алайда, қыздардың не істесе де еркі өзінде екенін еске салып қарсылық білдіргендер де бар. Кейбірі жазба авторының жалаңаш қыздарға қарамайтынына сенбестік білдірді.

Айта кетейік, Мәжілістің экс-депутаты жұбайымен екі бала тәрбиелеп отыр.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін