100-ге жуық адам Ислам дінін қабылдаған

2016 жылы мұсылман әлемінің үшінші қасиетті мешіті саналатын «әл-Ақсада» Батыстың 17 елінен келген 100-ге жуық адам Ислам дінін қабылдаған. Көпшілігі Исламды қабылдау үшін әдейі осы «әл-Ақса» мешітін таңдаған, - деп хабарлайды About Islam.

«Батыстың 17 елінен келген тоқсан жеті адам өз еріктерімен Исламды қабылдайтындықтарын айтып, шәһәданы қайталаған («әл-Ақсада»)»,  - деп айтқан Икрим мешітінің имамы, басып алынған Әл-Кудсаның (Иерусалимнің) бұрынғы мүфтиі Саид Сабри. Бұл жөнінде 2017 жылдың басында хабарланған болатын. Шейх Сабри өз сөзінде, «әл-Ақса» мешітіне келіп Исламды қабылдамақ болған азаматтардың АҚШ-тан, Франциядан, Германиядан, Ұлыбританиядан және Финляндиядан екенін айтқан.  «Ислам — бұл әділдік пен төзімділіктің діні, - деді шейх Сабри. Бұл бәрін тегіс қамти алатын дін; алдыңғы түскен қасиетті үндеулердің нағыз мазмұны (квинтэссенциясы)».

«Құран бойынша, Ислам дінін қабылдау тек қана ерікті түрде болу керек», - деп ол сөзін жалғады. Жыл сайын әлемнің әр қиырынан жүз мыңдаған адам Израиль жаулап алған Әл-Кудс (Иерусалим) қаласында орналасқан «әл-Ақса» мешітін зиярат етуге келеді. Өздеріңіз көріп отырғандай, мешітке келгендердің көпшілігі, мешіттен иман келтіріп, мұсылман болып шығады. Алла Ұлық!»

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін