Қазақстанда құдайы ас мәзірі бекітілді

Ақтөбе облысына ортақ құдайы ас мәзірі бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық орталық "Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Мәзір кеше, 13 сәуірде Ақтөбе облыстық орталық "Нұр Ғасыр" мешітінің ұйымдастыруымен "Салт-дәстүр және діни рәсімдер" атты ғылыми-танымдық конференциясында бекітілген. Соған сәйкес құдайы ас дастарханына бауырсақ, жеті нан, тары, талқан (жарма), қаймақ, сары май сынды ұлттық тағамдарымызды және одан бөлек нан, құрма, қант, кәмпит, печенье, мейіз, өрік, шай, су және ыссы тамақ есебінде ет (немесе күріш) қою ұсынылды
Конференцияда ҚМДБ-ның "Шариғат және Пәтуа" бөлімінің меңгеруші орынбасары Шоқанов Сансызбай, Атырау облысының өкіл имамы Мансұров Батыржан қажы, мемлекет және қоғам қайраткері, профессор Айталы Амангелді, Ақтөбе облысының өкіл имамы Оспан Төлеби, Хромтау аудандық "Нұр" мешітінің Бас имамы Әли Алмат, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетiнің президенті, ф.ғ.д. профессор Ахан Бекежан қажы, Ақтөбе облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Низамутдинов Әлізақ баяндама жасады. Конференцияда діни рәсімдердің орындалуын бірізділендіру, аталған рәсімдерді ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің XV отырысында қабылданған "Жаназа һәм жерлеу рәсімдері" пәтуасының аясында жүзеге асыру және осы ретте ҚМДБ бұйрығымен бекітілген арнайы дін мамандарының қызметіне жүгіну мәселелері сөз болды.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstanda-kudayyi-as-mazr-bektld-279303/
Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін