АҚШ Сенатының отырысы Құран оқылумен басталды

Осыдан екі апта бұрын АҚШ-тағы Делавэр штатының Сенат отырысы Құран оқумен басталып, көпшіліктің ризашылығы мен қолдауын тапты. Сәуірдің 5-і күні өткен Сенат отырысында Құран оқып беру үшін Неуарк елдімекеніндегі Тарбия мешітінің имамы Шейх Тарық Әуис шақырылды. Ол отырыстың шымылдығын «Ниса» сүресінің аяттарымен түріп берді. Ал Делавэр жаһан және мұсылман байланыстары кеңесінің төрағасы Невид Бекир оқылған Құранды ағылшыншаға аударып берді. Алайда Сенаттағы республикашылдардың өкілдері Дейв Лаусон мен Колин Бонини Құран оқылып басталғаннан залды тастап шығып, біткен кезде қайта оралды. Бұнымен ғана шектеліп қоймай, отырыста дау-жанжал шығарып, «Құран адамдарды өлтіруге шақырады» деп сол жерде отырған көптеген депутаттардың наразылығына қалды. Сенат төрағасы, демократ Дэвид Брайд «республикашылдардың» бұл сөздерің қатаң сынға алып, «исламофобиялық әрекет» деп бағалады.

Делавэр штатында барлығы 12 мешіт және ең аз 10 мыңның шамасында мұсылман бар екенін де атап өткеніміз жөн болар.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін